Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 16.10.2026 259 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ӘБУ НАСЫР ӘЛ-ФАРАБИ МЕШІТІНДЕ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Ислам дінінде үміт мұсылманның Алла Тағаланың шексіз рақымы мен мейіріміне деген сенімінің көрінісі. Шынайы мүмін Жаратушысының кеңшілігінен үміт етіп, күнәсіне тәубе жасайды, құлшылығын арттырады, игі амалдарға ұмтылады. Өйткені Алланың рақымынан үміт ету адамды ізгілікке жетелеп, жүрегіне сенім ұялатады, өміріне рухани серпіліс береді. Сондықтан үміт жүректі жақсылыққа бастайтын, адамды ізгі амалға жігерлендіретін және Алла Тағалаға жақындата түсетін ұлы рухани құндылық. Үміт берекенің, тыныштықтың кілті. Алла Тағала адам баласына өмірден күдер үзбей ғұмыр кешуі үшін көптеген нығметтер берген. Пенде өмірден түңіліп, «Менен түк шықпайды. Қазірге дейін ешбір іліп-алар жақсылығым жоқ» деп үмітсіздікке салынуы үлкен қателік.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Юүсіп» сүресі, 87-аятында: «Алланың мейірімінен үміт үзбеңдер. Анығында, Алланың мейірімінен, қарсы болған қауым ғана үмітін үзеді», – деп айтқан. Сол үшін де келешекке үмітсіздік танытып, күмәнмен қараған адам жақсылыққа жете алмайды. Жүсіпек Аймауытов: «Адамда аз да болса бір үміт, бір таяныш болу керек. Ондай таяныш болмаса тіршілік етіп не керек», – дейді»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін Бас мүфти мешіт жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалып құран хатым оқылды.














Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру