Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына арнайы іссапары барысында қазақ халқының ағартушылық және рухани мұрасын дәріптейтін бірқатар мұражайды аралады.
Атап айтқанда, Бас мүфти Ыбырай Алтынсарин мемориалды-педагогикалық мұражайын, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының мұражайларын аралап, ұлт тарихынан сыр шертетін құнды жәдігерлермен танысты.
Мұражайларда қазақ халқының білім-ғылымын дамытуға, ұлттық сананы қалыптастыруға және елдің рухани жаңғыруына өлшеусіз үлес қосқан ұлы тұлғалардың өмір жолы мен еңбектері туралы мәліметтер ұсынылды.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі, Ахмет Байтұрсынұлының тіл білімі мен ұлттық баспасөзді дамытудағы еңбегі, Міржақып Дулатұлының әдебиет пен қоғамдық ойға қосқан үлесі – бүгінгі ұрпақ үшін маңызды рухани мұра.



















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
13.10.2026
410
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру