Индер ауданында Жайық өзеніне батып кеткен 8 жасар баланың өмірін сақтап қалған «Парасат» мешітінің ұстазы Сержан Тұрақбайұлына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан Алғыс хат табысталды.
Оқиға кезінде Сержан ұстаз балаға көмек көрсетуге асығып, оқиға орнына жеткен. Іздеу жұмыстары барысында ол баланы судың астынан тауып, басқа азаматтармен бірге жағаға алып шыққан. Артынша балаға алғашқы көмек көрсетіліп, қажетті шаралар жасалған.
Адам өміріне араша түсіп, сын сәтте батылдық танытқан имамның азаматтық ұстанымы жоғары бағаланып, Бас мүфтидің атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ, сын сағатта өз өмірін қатерге тігіп, баланың өміріне араша түскен Сержан Тұрақбайұлына Индер ауданы әкімінің атынан Алғыс хат табысталды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
18.09.2026
36
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру