Әзербайжан Республикасының астанасы Баку қаласында өткен әзербайжандық ойшыл, көрнекті ғалым әрі рухани ұстаз шейх Сейид Яхия Бакувидің мұрасына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда белгілі исламтанушы ғалым, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ғұламалар кеңесінің мүшесі Рашид Мұхитдинов баяндама жасады.
Айта кетсек, Сейид Яхия Бакуви – Әзербайжан топырағында дүниеге келіп, күллі түркі-мұсылман өркениетінің рухани кеңістігіне ықпал еткен көрнекті тұлға. Ол XV ғасырда өмір сүріп, ғылым мен руханиятты, білім мен тәрбиені, адамның ішкі кемелденуі мен қоғамдық жауапкершілікті өзара сабақтастырған ойшылдардың бірі болды. Ойшыл ғұлама «Вирд-и Саттар», «Кашфул-қулуб», «Асрарут-Талибин», «Маназилул-Ашикин», «Шафаул-асрар» сынды құнды мұралар қалдырды. Бұл шығармалардың мазмұнына назар аударсақ, Бакувидің басты мақсаты адамның сыртқы білімін ғана емес, ішкі әлемін де жетілдіру болғанын аңғарамыз.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
17.09.2026
40
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру