Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 15.09.2026 33 0 пікір
ӘЗЕРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МҮФТИЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Баку қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері мүфтилерінің жиыны мен халықаралық конференцияға қатысушыларды қабылдады.

Кездесуге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы да қатысты.

Кездесуде тараптар түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық серіктестік пен достық байланыстардың соңғы жылдары жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті. Кездесуде Түркі мемлекеттері басшыларының саяси ерік-жігері мен өзара ынтымақтастығының нәтижесінде ғылым-білім, мәдени-гуманитарлық және діни-ағартушылық салалардағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.

Сондай-ақ діни басқармалар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ортақ мақсаттар жолында күш біріктіру, халықтар арасындағы бауырластықты бекемдеу, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау және заманауи мәселелерге қатысты ортақ ұстанымдар қалыптастырудың маңызы атап өтілді.





Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру