Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 08.09.2026 102 0 пікір
БАС МҮФТИ НҰР-МҮБӘРАК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫН ҚАБЫЛДАДЫ

Бүгін ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры доктор, профессор Мұхаммед Уардани мырзаны және проректор, PhD доктор Ершат Ағыбайұлы мырзаны қабылдады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Мысыр арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту, тарихи-мәдени байланыстарды нығайту және білім беру саласындағы халықаралық тәжірибені кеңейту мәселелері талқыланды.

Бас мүфти өз сөзінде: Мысыр мен Қазақстан арасындағы тарихи байланыстың тамыры тереңде жатқанына тоқталды. Атап айтқанда, екі ел арасындағы тарихи сабақтастықтың сонау Сұлтан Бейбарыс дәуірінен бастау алатынына назар аударылды.

Кездесуде Нұр-Мүбарак университетінің білім беру бағыттарына қатысты ұсыныстар да айтылды. Атап айтқанда, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін тереңдете оқытуға, ұлттық құндылықтарды ғылыми тұрғыдан зерделеуге басымдық беру қажеттігі атап өтілді.

Қос тарап халықаралық тәжірибені тиімді пайдалану екі ел арасындағы білім және ғылым саласындағы байланыстарды жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар Нұр-Мүбарак университеті мен Мысырдың жоғары оқу орындары арасында студенттер мен оқытушылар алмасуын арттырудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тарихи мұраны зерттеу, білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту бағыттарындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту қажеттілігі атап өтілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру