Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «УАҚЫП АНЫҚТАМАЛЫҒЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 04.11.2026 402 0 пікір
БАС МҮФТИ «УАҚЫП АНЫҚТАМАЛЫҒЫ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУЫН КЕСТІ

«Ұлы даладағы уақыптың орны» II республикалық форумында «Уақып анықтамалығы» атты су жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. 

Құнды еңбектің тұсаукесер рәсімін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚР Дін істері комитеті төраға орынбасары Мақсат Аралбайұлы, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы, «Мүфтият» баспасының директоры Батыржан Мансұров өткізді.

Бұл кітап 2 жылдан астам уақыт бойы зерттеліп, қалың көпшіліктің назарына ұсынылып отыр. Аталған туындыда шариғаттағы уақыптың мән-маңызы, оны басқарудың тетіктері мен қайырымдылық мәдениетін дамыту секілді бағыттар жүйеленіп жазылған.

Бұдан бөлек, форумда Бас мүфти дін жолында дүние-мүлкін уақып еткен кәсіпкерлерге арнайы тақтайша табыстап, көпшіліктің алдында марапаттады. Олардың қатарында жер телімін, көлігін, тұрғын-үйлер мен өзге де дүниелерін уақып еткен азаматтар бар.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру