Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС МҮФТИ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 17.07.2026 324 0 пікір
БАС МҮФТИ «ХАСЕКИ» АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ШӘКІРТТЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркиядағы «Хасеки» академиясында білім алып жатқан қазақстандық шәкірттермен онлайн форматта кездесті.

Кездесу барысында Бас мүфти білім іздеудің Исламдағы маңызына тоқталып, шәкірттерді ілімді терең меңгеріп, оны ел игілігіне жұмсауға үндеді. Сондай-ақ ҚМДБ мен Түркия Діни істері басқармасы арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асып жатқан білім беру бағдарламасының маңызын атап өтіп, болашақта олардың елдің рухани дамуына елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Онлайн жүздесу барысында шәкірттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын жеткізді. Бас мүфти көтерілген мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін табатынын айтып, тиісті жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

Кездесу соңында Наурызбай қажы Тағанұлы шәкірттерге оқуын сәтті аяқтап, елге аман-есен оралып, халқымыздың рухани дамуына адал қызмет етулеріне тілектестік білдіріп, ақ батасын берді.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру