Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қатар мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігіне барып, Қатар мемлекетінің бұрынғы Әмірі, шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты.
Бас мүфти Қатар мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісіне, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, сондай-ақ барша Қатар халқына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыға ортақ екенін жеткізді.
Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы шейх Хамад бен Халифа Әл Тәнидің Қатар мемлекетінің өркендеуіне, халқының әл-ауқатын арттыруға және халықаралық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосқан тарихи үлесін атап өтті.
Сондай-ақ Бас мүфти марқұмның рухына дұға жасап, Алла Тағаладан шейх Хамад бен Халифа Әл Тәниді рақымына бөлеп, мәңгілік мекенін жаннаттан етуін, ал артында қалған туған-туыстары мен барша Қатар халқына көркем сабыр нәсіп етуін тіледі.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
14.07.2026
295
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру