ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде 2026 жылғы қажылық маусымының өту барысы қаралды.
Мәжілісте онлайн қатысқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы қасиетті мекендерде атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
Баяндама барысында қазақстандық қажыларға көрсетіліп жатқан рухани-ағартушылық, ұйымдастырушылық және медициналық қызметтер туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Мекке мен Мәдина қалаларында қызмет атқарып жүрген Қажылық миссиясы мүшелерінің жұмысы сөз болып, отандастарымыздың құлшылықтарын алаңсыз орындауына жасалған жағдайлар айтылды.
Жиын барысында қажылардың елге оралу барысы мен алдағы күндері атқарылатын жұмыстар да талқыланды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
02.06.2026
344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру