Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы марқұм болған Мұхтар Шахановтың отбасына көңіл айтты.
«Көрнекті ақын, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болғаны туралы қаралы хабар менің де жаныма батты, жүрегімізді елжіретіп, көңілімізді құлазытты. Алладан келген ажалға амал бар ма?!
Марқұмның отбасына, туған-туыс, ағайын-жұртына, барша қазақ еліне өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұжымы атынан қайғыға ортақтаса отырып, көңіл айтамын. Алла Тағала марқұмның отбасына көркем сабыр берсін.
Мұхтар ағамыз қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырып қана қоймай, қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына әрдайым алаңдаушылық білдірді. Оның әділет жолындағы күресі, қашан да елдік мүддені жоғары қоя білген өр мінезі өскелең ұрпаққа мәңгілік өнеге болары хақ.
Алла Тағала қасиетті Құранда: «Әр қиындықтан кейін, сөзсіз жеңілдік бар» («Шарх» сүресі, 6-аят) деген. Қайғылы қазаның соңы қайырлы болғай. Раббымыз марқұм ағамыздың жанын жәннаттан етіп, мейіріміне бөлегей. Иманы өзіне жолдас болғай! Әумин!»,- делінген Бас мүфтидің көңіл айту жедел хатында.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyatkz
20.04.2026
815
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру