Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

18 Сәуір 2026

1 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«ҚАЖЫЛЫҚ-2026»: САУД АРАБИЯСЫ ТАРАПЫ РҰҚСАТСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛАТЫНЫН ЕСКЕРТТІ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 18.04.2026 247 0 пікір
«ҚАЖЫЛЫҚ-2026»: САУД АРАБИЯСЫ ТАРАПЫ РҰҚСАТСЫЗ ҚАЖЫЛЫҚ ЖАСАУШЫЛАРҒА ҚАТАҢ ШАРАЛАР ҚОЛДАНЫЛАТЫНЫН ЕСКЕРТТІ

Сауд Арабия Корольдігінің Ішкі істер министрлігі 1447 һижри жылындағы (2026 жыл) қажылық маусымына дайындық аясында жаңа талаптарды және заңбұзушыларға қолданылатын санкцияларды жариялады. Бұл шаралар қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ғибадат рәсімдерінің тәртіпті жағдайда өткізу мақсатында қабылданған.

Сауд Арабия Корольдігі ІІМ мәліметінше, қажылық визасынан бөлек кез келген түрдегі визамен (туристік, умра, т.б.) келген шетелдік азаматтардың 2026 жылғы 18 сәуір мен 31 мамыр аралығында Мекке қаласы мен қасиетті орындарға (Мина, Арафат және Мекке аумағы) кіруіне немесе сол жерде болуына қатаң тыйым салынады.

Сонымен қатар, қажылықты арнайы рұқсатсыз орындауға әрекет жасаған немесе орындағандарға 20 000 сауд риалына дейін (шамамен 5 330 АҚШ доллары) айыппұл салынады.

Бұдан да қатаң санкциялар заңбұзушылыққа жанама түрде қатысы барларға қарастырылған. Атап айтқанда, қажылыққа рұқсатсыз баруға жағдай жасағандар, қонақ визасын рәсімдегендер, тасымалдауды ұйымдастырғандар немесе заңсыз келген адамдарды орналастырғандар үшін айыппұл көлемі  100 000 сауд риалына дейін (шамамен 26 655 АҚШ доллары) жетуі мүмкін. Айыппұл мөлшері құқықбұзушылыққа қатысқан адамдар санына қарай еселенеді.

Сауд Арабиясы ІІМ талаптарын бұзғандар өз елдеріне депортацияланып, олардың Корольдік аумағына 10 жыл мерзімге кіруіне тыйым салынады.

Сауд Арабиясы тарапы барлық елдердің азаматтарын белгіленген талаптарды қатаң сақтауға шақырып, қажылыққа тек ресми рұқсат (әр елге тиесілі қажылық визасы) арқылы ғана бару қажеттігін ескертті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру