Хусамуддин ас-Сығанақи ислам институтының студенттері «Zeket Hub» қайырымдылық орталығының жұмысымен танысып, практикалық іс-тәжірибеден өтті.
Кездесу барысында орталықтың қайырымдылық және кәсіп үйрету бағытындағы қызметі кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, ер балаларға жиһаз жинау және дәнекерлеу мамандықтары ұсынылса, қыз балаларға тігін ісі, DTF баспа технологиясы, мобилография және SMM бағыттары бойынша оқыту мүмкіндіктері көрсетілді.
Практика аясында студенттер зекет жүйесін ұйымдастыру тетіктерімен танысып, қайырымдылық іс-шараларын үйлестіру және халықпен тікелей жұмыс жүргізу бойынша тәжірибе жинақтады.
Аталған тәжірибе болашақ мамандардың теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып, кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Жалпы жоба аясында студенттер орталық қызметімен жан-жақты танысып, алғашқы тәжірибелік қадамдарын жасады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры
15.04.2026
74
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру