ҚМДБ жанындағы QAMQOR-SHARAPAT орталығының басшысы Мейрамбек Қабылбекұлы Қостанай облысында бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Сапар аясында орталық басшысы алдымен облыс, қала және аудан әкімдіктерінің өкілдерімен кездесіп, ҚМДБ-ның «Зират және зиярат мәдениеті» құжатын түсіндірді. Мұнда жерлеу рәсімдері мен бейіт салуда ысырапқа жол бермеу, ортақ талаптарды қалыптастыру және зират мәдениетін жүйелеу мәселелері талқыланды.
Кездесу нәтижесінде Қостанай қаласынан біріздендіру мәдениетімен зират салу мақсатында орталыққа арнайы жер секторлары бөлінді. Сонымен қатар, қаладағы «Жайлаубай-ата» мешіті жанынан салттық қызмет көрсету бөлімшесінің жаңа ғимараты ресми түрде ашылды.
Сапардың нәтижелі жұмысының бірі еліміздің жетекші автомобиль өндіруші Allur компаниясымен ынтымақтастық жөніндегі уағдаластық болды. Мейрамбек Қабылбекұлы «СарыарқаАвтоПром» мекемесіне барып, кәсіпорын директоры Арғұлан Салтанұлымен кездесті. Шара барысында орталықтың өңірлік филиалдарына қажетті салттық қызмет автокөліктерін тиімді шарттармен алу жөнінде келісімге қол жеткізілді. Бұл уағдаластық өңірлік филиалдардың материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттырып, халыққа көрсетілетін салттық қызметтердің сапасын жақсартуға және жерлеу рәсімдерін ұйымдастыру жұмысын жүйелі дамытуға ықпал етеді.
Іссапар қорытындысында Мейрамбек Қабылбекұлы қазақтың ұлы ағартушысы, көрнекті педагог Ыбырай Алтынсариннің кесенесіне зиярат етіп, баба рухына тағзым жасады.

















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
28.11.2026
367
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру