Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақмола: Азаншылар арасында облыстық байқау өтті

Ақмола облысы өкілдігінің баспасөз қызметі nasihat.kz 27.11.2026 83 0 пікір
Ақмола: Азаншылар арасында облыстық байқау өтті

Ақмола облысы Атбасар аудандық мешітінде азаншылар арасында «Әуезді азан» облыстық байқауы ұйымдастырылды. 

Рухани шараға облыстың әр өңірінен 27 азаншы қатысып, азан шақыру шеберлігі мен дауыс мәнері бойынша бақ сынады.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Шыңғыс Жаппарханұлы және Алматы қаласындағы «Орбита-3» мешітінің азаншысы Қайрат Кенжебекұлы және Науан Хазірет мешітінің ұстазы Арлан Аманжолұлы болды.

Байқау барысында қазылар алқасының мүшесі Қайрат Кенжебекұлы қатысушыларға арнайы шеберлік сабағын өткізіп, азан шақырудың қыр-сырын түсіндірді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

І орын – Абдурахманұлы Әбілқасым (Атбасар ауданы);
ІІ орын – Оразымбет Нұрислам (Аршалы ауданы);
ІІІ орын – Набиданов Хузайфа (Қосшы қаласы).

Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ байқаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар берілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру