Ақтөбе облысының Бас имамы өңір асабаларымен арнайы кездесу өткізді.
«Асаба болу – өз ісің, әдептен озбау борышың» тақырыбындағы жиын өңірдің танымал асабалары мен зиялы қауым өкілдерінің басын қосты.
Кездесуде облыстың Бас имамы Амантай Садиев асабалардың тек ойын-сауық ұйымдастырушы емес, көпшілікке сөзі өтімді, қоғамдық пікір қалыптастыратын тұлға екенін ерекше атап өтті.
Сондай-ақ, шарада өзге қатысушыларда асабалардың қоғамдағы орны, сөз саптау мәдениеті, әзіл-қалжыңның әдебі, ұлттық салт-дәстүрді жаңғырту және ысырапшылдықтың алдын алу мәселелерін кеңінен талқылады.
Өз кезегінде асабалар да ұсыныс-пікірлерін білдіріп, мұндай еркін форматтағы жүздесулер ортақ мәселелерді шешуге үлкен септігін тигізетінін жеткізді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
25.11.2026
8
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру