Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылордада 2000 түп сексеуіл отырғызылды

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры 17.11.2026 233 0 пікір
Қызылордада 2000 түп сексеуіл отырғызылды

Қызылордада «Аралды қайта жаңғырту» V республикалық экологиялық еріктілер форумы жалғасып жатыр. 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Қайырымдылық жаршылары» (QJ) еріктілері, имамдар мен Қызылорда облысының жастар ісі секторы бірге Арал өңіріне аттанды.

Шара аясында алдымен Арал ауданы, Қаратерең ауылындағы Мәмбетәлі ахун атындағы мешіттің ауласына сексеуіл дәндері егілді. Кейін еліміздің 20 облысынан жиналған еріктілер мен белсенді жастар тұзы көтерілген теңіз ортасына барып, 2 000 түп сексеуіл отырғызды.

Бұл — бастама аясындағы бесінші сапар. Осы уақытқа дейін теңіз табанына барлығы 17 000 түп сексеуіл егілді.











Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру