Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Әйел-қыздар меңгерушісі Ұлытаудың әйел жамағатымен кездесті

Ұлытау облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі ahnaf.kz 16.11.2026 177 0 пікір
ҚМДБ Әйел-қыздар меңгерушісі Ұлытаудың әйел жамағатымен кездесті

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева Ұлытау облысына арнайы барды. 

Екі күнге созылған сапарда Динара Нұрғалиева алдымен өңірдегі қайырымдылық мекемесінде «Қоғам белсендісі» тақырыбында тағылымды семинар өткізді.

Сондай-ақ жергілікті әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әйел даналығы – ұрпаққа аманат» тақырыбында рухани кешке қатысты. Жиында спикер әйел затының қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесіндегі рөлі, ұрпақ тәрбиесі мен рухани құндылықтардың маңызы жөнінде насихат айтты.

Бұдан бөлек сектор меңгерушісі жергілікті ұстаздарға арналған семинар өткізіп, ұстаздық қызметтің жауапкершілігі мен маңыздылығы, ұстаздың қоғамдағы орны, жеке тұлғалық болмысы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті.

Ал сапардың екінші күнінде Сәтпаев қаласында ұйымдастырылған «Иман және жүрек тыныштығы» тақырыбында рухани кешке қатысып, жиналғандарға тағылымды ойларымен бөлісіп қайтты.

Кейін өңірдегі Дін істері басқармасы ұйымдастырған «Діни сенім мен зайырлы қоғам: өзара үйлесімділік» тақырыбында семинар өткізді.















Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру