Жамбыл облысында ҚМДБ-ның жергілікті өкілдігіне қарасты Әйел-қыздар секторы мерекелік іс-шара өткізді. Рухани-мәдени жиын сектордың құрылғанына 10 жыл толуына байланысты ұйымдастырылып отыр.
Шараға облыстың Бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен наиб имам Әбдіқадір Сейтқали қатысып, сектордың мерейтойымен құттықтады.
Ал ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Жамбыл облысындағы жетекшісі Жазира Иманалиева мен аға ұстаздар он жылдық белестің маңызына тоқталып, ізгі тілектерін жеткізді. Сондай-ақ шара барасында ұстаздар марапатталып, қатысушыларға мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды.















































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Жамбыл облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
16.11.2026
36
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру