Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Дәстүрлі діни таным және ұлттық құндылықтар» тақырыбында аймақтық мәжіліс өтті.
Басқосуға ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Берденұлы, Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Айтбайұлы, облыстық дін істері басқармасы басшысының орынбасары Серік Мәжитұлы, қоғам белсендісі Сәкен Мінуарұлы, облыстың бас имамы Дастан Жанасұлы, аудан-қала имамдары мен дін өкілдері қатысты.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде ұйымдастырылған жиында дәстүрлі діни танымның ерекшеліктері, ұлттық салт-дәстүрлер мен ислам құндылықтарының өзара үйлесімі, діни тұрақтылықты сақтау және өскелең ұрпақтың діни сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
11.11.2026
44
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру