Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Мұнара ТВ» арнасындағы «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасының 100-ші саны түсірілді.
Журналист Ақтолқын Тәжікованың авторлық жобасы елде алғаш пандемия кезеңінде көрерменге жол тартқан еді.
Бағдарлманың мерейтойлық шығарылымы «Жан тыныштығы: депрессия мен үмітсіздіктен шығу жолы қайсы?» деген тақырыпқа арналды.
Ауқымды тақырыпты дін мен ғылым тұрғысынан тереңінен талқылау мақсатында студияға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имамы Ерәлі Құлмағанбетұлы мен белгілі психолог Арайлым Амангелдіқызы шақырылды.
Спикерлер қазіргі қоғамда жиі кездесетін рухани күйзеліс, жабырқаулық пен үмітсіздіктің алдын алу жолдарын қарастырды.
Шығарылым «Otau TV» спутниктің операторындағы 26-шы арна арқылы алдағы жұма күні яғни 13 қарашада сағат 06:25, 11:30, 19:05 және 22:30-да «Мұнара ТВ» телеарнасының эфирінен көрерменге жол тартады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
09.11.2026
18
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру