Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде дін қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 06.11.2026 116 0 пікір
Ақтөбеде дін қызметкерлері арасында волейболдан турнир өтті

Ақтөбеде қала және облыс имамдары мен ұстаздары арасында волейболдан турнир өтті.

Спорттық шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылып отыр. Жарыстың өтуіне қалалық «Әл-Ләтиф», «Сүлеймен ата» және «Қайырқожа» мешіттері мұрындық болды.

Шараның ашылу салтанатында қаланың Бас имамы Алмат Әли шараның маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты өткен жарыстың нәтижесінде бірінші орынды «Алаш» тобы, екінші орынды «Есет батыр», ал үшінші орынды «Ағалар» тобы иеленді.








Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру