Ақтөбеде «Қайырқожа», «Әл-Ләтиф» және «Сүлеймен ата» мешіттерінің ұйымдастыруымен «Қайырқожа» мешітінде дін қызметкерлеріне арналған семинар өтті.
Аймақ имамдары мен ұстаздарының кәсіби біліктілігін одан әрі шыңдауды көздеген басқосу «Үкім беру мен пәтуа шығарудың жауапкершілігі» тақырыбына арналды.
Жиынның басты спикері ретінде облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы, өңір бойынша «Шариғат және Пәтуа» бөлімінің жауапты маманы Талғат Аманов қатысып, тақырып аясында мазмұнды баяндама жасады.
Семинар барысында шариғат бойынша пәтуа берудің салмағы мен жауапкершілігі, діни үкім шығарудағы терең ілімнің маңызы, сондай-ақ ҚМДБ тарапынан бекітілген пәтуалардың мәні мен оларды уағыз-насихат жұмыстарында қолдану тәртібі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар спикер қоғамда жиі туындаған өзекті діни мәселелерге тоқталып, олардың шариғат аясындағы шешімдерін айтты. 




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
09.11.2026
37
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру