Қызылордада облыстың Бас имамы Дастан Жанасұлының қатысуымен «Ұрпақтар сабақтастығы және ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы ардагерлер рөлі» тақырыбында кездесу өтті.
Шарада Дастан Жанасұлы дін мен дәстүр сабақтастығына тоқталып, діни тұрғыдан сараптамалық пікір білдірді. Сондай-ақ, «Құдай ас – жарыс емес, сауап», «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» тақырыптарында баяндама жасап, ас беру мен той өткізу мәдениетінің шариғат талаптарына сәйкестігін түсіндірді.
Аталған кездесуге өңір ардагерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиында еңбек және қоғам қайраткерлері, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары баяндамалар жасап, ұлттық тәрбие, рухани құндылықтар және қоғамдағы ардагерлердің рөлі жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
aqmeshit.kz
05.11.2026
32
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру