Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астана қаласының Бас имамы «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді

Астана қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі muslim.kz 05.11.2026 54 0 пікір
Астана қаласының Бас имамы «Мұнара» телеарнасына сұхбат берді

Астана қаласының Бас имамы Нұрбек Әуесханұлы «Мұнара» телеарнасындағы «Руханият Time» подкаст жобасына сұхбат берді. 

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ұйымдастырылған әңгімеге тележүргізуші, телеарнаның Астана қаласы өкілдігі бойынша тілшісі Еркін Шәкірұлы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қондыбай Ақпаров та қатысты.

«Адал қоғам қалай қалыптасады?» тақырыбында өрбіген сұхбатта адалдық пен әділдік, аманатқа беріктік, адал еңбек пен таза табыс мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар әңгіме барысында ас беру мәдениеті, той өткізу әдебі және «Таза Қазақстан» акциясының тәрбиелік мәні айтылды.

Сұхбаттың толық нұсқасын жақын күндері «Мұнара» телеарнасы мен «Әзірет Сұлтан» мешітінің "YouTube" арнасынан көруге болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру