Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры институт қызметкерлеріне көмек көрсетті

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyatkz 23.06.2026 72 0 пікір
ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қоры институт қызметкерлеріне көмек көрсетті

Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы Ислам институтының ұстаздары мен қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, қаржылай қолдау білдірілді.

Білім мен тәрбие ісіне сүбелі үлес қосып жүрген ұстаздарға ризашылық белгісі ретінде арнайы сый-құрмет жасалып, қаржылай көмек табысталды.

Айта кетейік, бұған дейін институттың бітіруші түлектеріне қолдан тігілген шапан, тақия және классикалық костюмдер сыйға берілген болатын.

Бұл игі бастама ұстаздар мен шәкірттерге деген құрметтің нақты көрінісі ретінде білім ордасының рухани құндылықтарын насихаттап, ізгі дәстүрдің сабақтастығын айшықтай түсуде.




Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру