Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Зекет және қайырымдылық» қоры Құрбан айт мерекесі күндері ұйымдастырылған қайырымдылық шараларына белсенді атсалысқан еріктілерді марапаттады.
Қасиетті мереке барысында еріктілер құрбандық еттерін қабылдау, сұрыптау және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тарату жұмыстарына белсене қатысып, жоғары жауапкершілік пен жанашырлық танытты. Олардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде көптеген мұқтаж отбасыға құрбандық еті уақытылы жеткізілді.
Шара барысында қор директоры Мақсатбек Қайырғалиев еріктілерге алғыс білдіріп, олардың қайырымдылық ісіндегі еңбегі қоғамдағы мейірімділік пен өзара көмек құндылықтарын нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
Сондай-ақ белсенділігімен ерекшеленген еріктілерге арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қоры жүзеге асырып отырған әлеуметтік және қайырымдылық жобаларда еріктілердің үлесі зор. Олар қоғамда жанашырлық мәдениетін қалыптастыруға және мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге тұрақты түрде атсалысып келеді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Зекет және қайырымдылық»
02.06.2026
56
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру