Имам-молдалыққа үміткерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибесін шыңдау бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің бірі. Әсіресе аудандар мен ауылдық өңірлердегі молдалық атқаруға бейімді азаматтардың білімін жетілдіру күн тәртбіндегі басты мақсат болып отыр.
Осыған байланысты ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өкілдікке қарасты аудан, ауыл имам-молдаларының 2 айлық оқу курсын қазан айының 1-нен бастады.
Курсқа бүгінгі таңда ауылдар мен аудандық мешіттерге қызмет атқаруға үміткер 40-қа жуық адам қабылданды. Олардың 20 шақтысы облыстық мешіттерде жатып білім алуда.
Курс шәкірттеріне облыстық және қалалық мешіттерде қызмет атқаратын біліктілігі жоғары имамдар мен ұстаздар шариғат негіздерінен Құраннан, ақидадан дәріс береді.
Сонымен қатар дәріс беруге Араб, Түрік елінен арнайы келген ұстаздарды да тарту жоспарланып отыр.
Дәрістің сабақ кестесі Діни басқарманың оқу-ғылым бөліміне ұсынылып, бекітілді.
«Ауылдарға діни қызметке үміткерлердің біліктілігін арттыру заман талабы. Кері ағымдармен күресу, діни сауаттылықты арттыру, исламның танымдық, тағылымдық, насихаттық шараларын қарқынды жүргізу мақсатында Діни басқарманың тапсырмаларының негізінде осы курсты ұйымдастырып отырмыз. 2 айдың ішінде үмтікерлер өз білімдерін шыңдап шығатын болады» деп атап өтті өкіл имам Ермек қажы Тасболатұлы.
Сонымен қатар, өкіл имам оқуға келген имамдардың алаңсыз білім алуына аудан имамдарының атсалысуымен бар жағдай жасалғанын да айтты.
Курсқа оқуға келгендер жатар орынмен және күніне 4 мезгіл ас-сумен толық қаматамасыз етілген. Қажетті оқу құралдары да ұсынылды. Жатын бөлмелеріне, оқу сыныбына жаңадан интернет жүйесі тартылды.
Білім алушы үміткерлерді демалыс уақыттарында Өскемен қаласындағы мұражай, кітапханаларымен, этнографиялық саябақ және қаладағы мешіттерімен таныстыру шарасы да қарастырылған.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.10.2016
4615
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру