Теректі аудандық әкімдігінің ғимаратында Астана қаласында өткен «Тұңғыш имамдар форумы» тақырыбы аясындағы түсіндіру шарасы болып өтті.
Оған облыстық дін істері басқармасының қызметкерлері, Теректі аудандық әкімшілігінің қызметкерлері, аудан мен ауыл имамдары, өзге дін өкілдері, мектептің ұстаздары, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Алдымен Орал орталық мешітінің бас имамы Руслан Сұлтанов сөз алып, Астана қаласындағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыру «Ислам-бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбымен І республикалық имамдар форумы болғандығын жеткізді.
Форумға ҚМДБ-ның еліміздің түпкір-түпкірінен келген бес жүзге жуық имамдар, облыстан он алты имам-молдалары, еліміздің танымал тұлғалары мен дін мамандары жиналып, сондай-ақ форумның қонағы ретінде ҚР Парламенті сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, шет мемлекеттердің исламдық діни ұйымдарының басшылары, өзге діндерінің өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың имамдар форумы қатысушыларына арнаған құттықтау хатын ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев жеткізді.
Бұл форум барлық имамдарға үлкен серпіліс беріп, имандылық жұмыстың жандануына оң бағасын берді. «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерлерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты құжаттар бірауыздан қабылданды. Аталған құжаттар жайында кеңінен түсіріп, толықтай мәліметтер берді,- облыс имамы.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы,
Нұрлан ҚАБЫКЕШ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2015
3169
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру