ОҚО,Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде аудандық жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен «Балаға мейірім сыйла» деген тақырыпта қайырымдылық акциясы өтті. Ондағы басты мақсат оқушылардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтарын алуына жәрдем беру. Осы жәрдемге ауданнан 22 оқушы қол жеткізіп, олардың әрқайсысына 5000 теңгеден 110000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.
Бұл қаржы қайырымды жандардың мешітке берген қаражатынан қарастырылды. Оқушылар ағаларының қайырымдылық танытып, елеп-ескергендіктері үшін алғыстарын білдіріп, оқу жылына ерекше дайындық әрі ықыласпен барамыз деп уәде берді.
ОҚО,Төле би аудандық
«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.08.2014
3947
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру