Жезқазған аймағы бойынша қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның келісімі бойынша Түркия мемлекетінен келген қарилар Жезқазған аймақтық «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінде Әли Көккөз қари және Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде Хусейн Корал қари хатым Құран түсірді. Мың айдан да қайырлы Қадір түні қарсаңында осы мешіттерде хатым Құран толық аяқталып, дұғасы бағышталды.
Қасиетті жұма күні Жезқазған аймақтық өкіл имамы Қабылбек Әліпбайұлы жиналған жамағат алдында қариларға алғысын айтып, жамағат тарапынан салт – дәстүрімізге сай иығына шапан жапты. Өз кезегінде Әли Көккөз қари жамағатқа өзінің ризашылығын білдіріп, көзіне жас алып батасын берді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.07.2014
3669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру