Жезқазған аймағы бойынша Жәйрем кентіңде «Жәйрем» мейрамханасында мешіт жамағатынан он отбасы бірігіп және кент имамы Ақмағанбет Мурсали қажы Қаленұлы мен жергілікті әкімшіліктің ұйымдастыруымен үлкен ауызашар өткізілді. Бұл сауапты шараға ауыл ақсақалдары, ақжаулықты апалар, зиялы қауым өкілдері, дін жанашырлары және жастар жамағатымен қосқанда жалпы саны 180-ге тарта адам қатысты. Жиналған көпшілік қауымға ораза жайлы бейне роликтер көрсетіліп, кішкентай шәкірттер діни әндер және Мұқағали Мақатаевтың ғибратты өлеңдерінің үзінділерін оқыды. Жәйрем кентінің имамы Мурсали қажы Қаленұлы өз өнерлерімен көпшілікке тағылымды ой салған балаларға сыйлықтарын беріп, жиналған халық атынан ризашылығын білдірді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша
Жәйрем кентінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.07.2014
3260
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру