Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қасиетті айда қайырымдылық іс-шарасы өтті

17.07.2014 3412 0 пікір

Қарасай ауданында  Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан Рамазан айының құрметіне Қаскелең қаласындағы «Кәусар»  интернатының қыз балаларына ауызашар берілді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім Алла үшін бір жетімді басынан сипаса, қолы тиген әрбір шаштың талшығы үшін сауап алады», – дейді.

Ата-бабамыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», – деп, жақсылық жасауға шақырған. Ата-ана қамқорлығынан айырылған интернат шәкірттеріне мерекелік дастархан жайылып, аудан имамы Қуаныш Бақытбекұлы Дін басының осы қасиетті айдағы құттықтауын жиналған мұсылман  қауымға жеткізді.

Осы ұлағатты қайырымдылық жиын соңында  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хәзіреттің арнайы дайындалған сыйлықтары интернатта оқитын қыз балаларына таратылды.  

Қарасай аудандық
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру