Қасиетті Рамазан айының ішінде, яғни 2-ші шілде күні Жезқазған қалалық Байыту фабрикасының жұмысшыларымен орыс тілінде кездесу өткізілді. Бұл іс-шараға Қарағанды қаласы, «Нұрлы білім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, дінтанушы Сыздықов Рүстем Мәлікұлы, Жезқазған аймағы бойынша өкіл имам Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және ішкі саясат бөлімінің бас маманы Тасмағанбетова Айшагүл Жапарбайқызы қатысты. Рамазан айындағы тұтқан оразаларыңыз қабыл болғай, Алла сауапты амалдарымызды көбейтсін деген ниетттерін білдірді.
Жиналған ұжымның жұмысшыларына уахабилік сынды қоғамымызға жат ағымдар жайлы, олардың тигізіп жатқан зияндығын баяндап берді. Сирия мемлекетіне ешқандай себепсіз, жат пиғылды ағымдардың арбауына легіп кеткен жастар жайлы тоқталды. «Джихат» деген ұғымды теріс түсініп, Отанын, елін, туған жерін және ата-анасын тастап кету ешқандай санаға сыймайды. Егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін аянбай қызмет ету, қазіргі жастардың санасындағы басты міндет екенін түсіндіру қажет. Сонымен қоса жергілікті насихат жұмыстарына тек қана дін саласындағы мамандар ғана емес, барлығымыз бірігіп атсалысуымыз керек екендігін алға тартты. Кездесу барысында талқыланған мәселелелер бойынша сұрақтар қойылып, мамандар тарапынан толық жауап берілді.
ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.07.2014
3186
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру