Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Темір тордың ар жағындағы азаматтармен кездесу

25.06.2014 3476 0 пікір

Алла тағала құзырында қабыл болынған хақ дін ол - Ислам. Асыл дініміз – Ислам ынтымақ пен бірлікті ту етіп, адамгершілік пен ізгілікке, татулық пен бейбіт өмір кешуге  шақырады. Исламның қайнарына қанып, ғалым болған ізгі ұстаздардың көзқарасымен жүрген адам, ешуақытта адаспайды, жат ағымға ермейді, өзін де басқалардың алдап-арбап кетуіне  жол бермейді. Қазіргі ашық ақпараттық қоғамда әрбір азамат дұрыс бағыт бағдарды адаспай алып жатса Елбасының жолдауында келтіргеніндей бір ел, бір мүддеде, мәңгі ел болатындығымызға еш шек шүба жоқ. 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алға қойған талаптарының бірі жат ағымның арбауына түсіп қалған жастарымызды  қаншама ғасырдан бері ата-бабаларымыздың ұстанып келе жатқан Абу Ханифа мазхабын ұстауға шақыру болатын. 

Осы орайда, Алматы орталық мешітінің түзету мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен жұмыс жасау жобасы аясында Амин мешітінің бас имамы М.Ақтамберді Заречный елді мекеніндегі ЛА155/14 түзеу мекемесінде болып, өздерінің жасаған қылмыстарына орай жазасын өтеп жатқан Ф.Китахунов, Ғ.Досаев және Е.Омаров сынды азаматтармен кездесті. Олар өздерінің бұдан былай құлшылықтарын тек Әбу Ханифа мазхабы бойынша амал ететіндіктерін және өздерін мазалап жүрген сұрақтарды тек ҚМДБ-ның бекіткен имамдарынан ғана алатындықтарын айтты. Осыншама ғасыр бабаларымыздың ынтымақпен ұстанып келе жатқан көзқарастарын мойындап, сол бағытта амал етіп өтетіндіктерін жеткізді. Жастардың жат ағымдарға түсіп кететіндіктеріне қынжылыстарын білдіріп, өздерінің ұрпақтары өсіп келе жатқандығын, ертеңгі күні ұл- қыздарымыздың да шатаспай дұрыс бағытта болулары ата-ананың тікелей міндеті екендігіне көз жеткізгендіктерін айтты. Сондықтан, жастар еліміздің болашағы болғандықтан олардың иманды әрі дұрыс бағытта болуына қызмет етіп жатқан ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтиге және имамдарға алғыстарын да білдірді.

Алматы орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру