Алатау ауданының мешіттерінің ұйымдастыруымен Ережеп, Шағбан айларында дүйсенбі және бейсенбі күндері ауызашар жалғасуда. Соған сәйкес Режеп айының 27-күніне орай, Бекет-ата мешітіне ауызашарға Имамдардың білімін жетілдіру институнының ұстаздарымен шәкірттері мешітімізде қонақта болды.
Бекет-ата мешітінің бас имамы Дәуренбеков Орынбасар қажы келген қонақтарға бұл ұйымдастырылып жатқан шаралардың өте маңызды екенін және әрдайым осындай қайырымды іс-шараларды ауызбіршілікпен атқаруымыз өте маңызды екеніне де тоқталды. Сондай ақ осы жиынға арнайы Алматы қалылық, Орталық мешітінің наиб имамы Дүйсебаев Нұрболат арнайы келіп, жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтты. Аудан ауылдардан келген имамдар мешітімізде атқарылған іс-шаралармен танысып, араларындағы жасы үлкен ақсақал қария имамдарымыз батасын беріп, барша келген қонақтар көтеріңкі көңілмен тарқасты.
Ғалымжан МОЛДАБАЕВ
Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2014
3608
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру