Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Отан қорғау азаматтық міндет

14.05.2014 3958 0 пікір

ОҚО,Төлеби ауданына қарасты, Киелі тас ауылдық округіндегі 2041 әскери бөлімінің оқу орталығында «Отанды қорғаудың абзалдығы»-атты тақырып аясында семинар болып өтті. Семинарға аудан имамы Б.Қалдаров, аудандық жастар орталығының директоры Қ.Қыпшақбаев, әскер бөлімнің штап бастығы, подполковник Ж.Жайсанбаев және әскери бөлімнің 165 сарбаздары қатысты. Отан қорғаушы азаматтарға Ислам дініндегі отан қорғау жайлы айтылған аят-хадистерді кеңінен түсіндірген аудан имамы Б.Қалдаров, отан қорғаудың маңызы мен мәніне де тоқталды. Семинар соңында жас сарбаздар көкейілерінде жүрген түрлі сұрақтарын қойып, семинардан өмірлеріне өнегелі боларлық ой түйді.

 

ОҚО,  Төлеби аудандық
«Нұр» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру