Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мерейлі мақтаным, қазыналы қарттарым

07.05.2014 4651 0 пікір

Кәріге құрмет – жасқа міндет. Жалпы, аға буынға деген қамқорлық біздің борышымыз.  Алланың елшісі (с.а.с) «Үлкенге құрмет көрсетпеген бізден емес»,-дегендей, асыл қарияларымызға  мейірімділік пен адамгершілік таныту, жылулық білдіру, әрқашан көңіл бөліп құрмет көрсету, аға ұрпаққа дем беріп, күш қосары анық.

Талдықорған өңірінің бас имамы Серікхан Рымханұлы осы күнге дейін ескерусіз келе жатқан, сонау қанды соғыс тұсында, артта қалған ел-жұртқа еге болып, ерінбей еңбек еткен, тыл ардагерлеріне ас беріп, ізгі бастаманың себепкері болып отыр. «Қарты бар елдің қазынасы бар», бұл халық даналығы. Қартымызды қадірлеу әр адамның азаматтық борышы.

«Мерейлі мақтаным, қазыналы қарттарым», қарттардың құрметіне ұйымдастырылған шара. Кең дастархан жайылып, қымыз-қымран, азынаулық сыйлықтар да табыс етілді.

Шараға ҚМДБ-нан арнайы ақсақалдарымызды мерекемен құттықтай келеген, уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Ершат Оңғаров мырза, қарттарымызға ыстық лебізін жеткізді. Бикен Римова атындағы филормонияның әнші-күйшілері әуенді ән-термелерін тарту етті.

Көкірегі ояу, көңіл сандығы сыр мен жырға, шежіреге толы ақ сақалды қарияларымыздың азайып бара жатқандығы рас. Жаныңды ерекше шуаққа бөлеп, ескілікті әңгімелерді тереңнен бастап теретін қарттардың өнегелі лебізін қанша тыңдасаң да, айта берсе екен деген сезім қашанда көңілге ұялайтыны сөзсіз ұялатады. 

ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру