Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтөбеде деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған семинар өтті

Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 28.10.2026 128 0 пікір
Ақтөбеде деструктивті діни ағымдардың алдын алуға бағытталған семинар өтті

Ақтөбеде қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары мен дін мамандарының қатысуымен әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Мақсат - діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жастарды жат ағымдардың ықпалынан қорғау және имамдардың ақпараттық-түсіндіру топтарындағы әлеуетін арттыру. 

Семинар барысында бүгінгі таңдағы діни ахуал, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі жат ағымдардың арбау әдістері және халық арасында ағартушылық жұмыстарды тиімді жүргізудің жаңа тәсілдері жан-жақты талқыланды.

Ал шара соңында қатысушыларға ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ширату және әлеуметтік желілерде сауатты діни контент қалыптастыру бойынша нақты әдістемелік ұсынымдар берілді.






Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру