Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының №7 Халықов, №18 Сатыбалдиев атындағы орта мектептерде "Дін және мемлекет" тақырыбында оқушы, ұстаздар және қала тұрғындарымен көлемді семинар өткізілді. Ондағы мақсат жергілікті жастар мен жалпы тұрғындарды діни сауаттандыру, қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, қазақстандық патриотизмді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған еді. Отырыстың алғаш шымылдығын Құлсары ауданының әкім орынбасары Нұраддин Жұмашұлы ашып жүргізіп, қазіргі таңдағы өзекті діни мәселелерге тоқталып өтті.
Аталмыш семинарға Атырау облысы дін істері басқарма басшысы Ерінбек Керімбекұлы Шохаев, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» Орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы, "Иманғали" орталық мешітінің наиб имамы, теолог маман Ерсін Бекайдарұлы Әміре қатысып баяндама жасады. Сонымен қатар, бұл басқосуда Хабар агенттігі дайындаған «Радикализм матрицасы 1-бөлім Табдиғ» бейнефильмі көрсетілді. Семинарда қозғалған тақырыптар аясында қатысушы оқушы жастар сұрақтарын қойып, білікті мамандардан жауаптарында алды.
Сонымен қатар, теолог маман Е.Бекайдарұлы Жылыой аудандық «Мұсылмандар» орталық мешітінде де жамағатқа уағызын айтты.
Дегенмен, өзіндік маңызы зор кездесулер тек Атырау қаламызда емес, сонымен қатар, оған қарасты осындай аудандарда да көптеп игі іс-шаралар өткізілуде. Қазіргі теріс ағымдардың қоғамымызға келтіріп отырған залалдарының көбейген кезінде бұндай басқосулар үлкен қажеттілік. Өйткені өзге ағымның жетегіне ілескен жастарымыздың райынан қайтаруға, діни білімі әлі толықпаған үрімдей осындай оқушыларымыздың сақтануына білікті мамандарымыздың өз септігі тиетіні сөзсіз. Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы облысымыздағы діни ахуалды басшылыққа алып, осы бағытта, яғни асыл дініміз Исламның құндылықтарын насихаттауда бар күш жігерін жұмсап келеді.
Жуырда дін өкілдері бірқатар ауданда болғанын еске сала отырып, алдағы уақытта шара өз жалғасын табатынын тілге тиек еттік.
«Иманғали» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.04.2014
4850
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру