Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдары Мысыр Шейхынан дәріс алуда

28.03.2014 3848 0 пікір

Қазіргі таңда имамдардың біліктілігіне аса көп мән беріліп келетіні рас, жуырда аудандағы молдалар, «Иманғали» орталық мешіт жанындағы «Сауат ашу орталығының» екі ай курсын тәмамдап шыққан болса, ал бүгін 27 наурыз күнінен бастап  ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлының жеке қатысуымен барлық қала имамдары мен наиб имамдар, сонымен қатар ұстаздар үшін дәріс беру бастау алды. Оған шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашим ұстаздық етуде. Мысыр елінен әл-Азһар университетінің шейхы М.Ж.Хашим Бас мүфтидің арнайы шақыртуымен Атырау қаласындағы мешіт-медреселерге дәріс беру мақсатымен алдырылған болатын. Шейх енді имам, ұстаздар үшін  аптасына екі рет дәріс беруді қолға алмақ.

«Бесіктен қабірге дейін ілім ізде» деп ардақты Пайғамбарымыздың хадисінде айтылғандай біліммен тәжірибе арттыратын осындай пайдасы зор дәрістер алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

«Иманғали» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру