Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің төрағасы Марат Алмасұлы Әзілханов 20 ақпан күні Ақтау қаласына іс сапармен келді. Іс сапар барысында Ақтау қаласының орталығында орналасқан «Маңғыстау облыстық орталық мешітіне» арнайы ат басын бұрып, мешіт жұмысымен танысты. Дін істер агенттігі төрағасымен бірге облыс әкімінің орынбасары А.Шөжеғұлов пен Облыстық дін істері басқармасының басшысы Е.Есбергенов те мешітті зиярат етті. М.Әзілхановты өкіл имам С.Сейтбеков күтіп алып, мешіттің тыныс тіршілігімен таныстырып, атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндап өтті. Дін істер агенттігінің төрағасы облыстағы діни ахуал жайында сұрап, өкіл имамға қызметіне сәттілік тіледі.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
21.02.2014
3994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру