Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының Қызылорда облысындағы өкілдігі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына жиналыс өтті.
Жиналыста басты назарға алынған мәселе төралқа мәжілісінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының имамдарға міндеттелген бірқатар тапсырмалары талқыланды. Маңызды мәселелердің бірі Бас мүфтидің төралқада қозғаған үш мәселесі, яғни:
- Қоғамға іріткі салып, дініміз бен дәстүрімізге жат әрекет жасайтын өзге ағымның өкілдерімен көркем түрде, сабырлық таныта жұмыс жасау;
- Насихат жұмыстарын жандандырып, халықты ауызбіршілікке үндеу;
- Қайырымдылық іс-шраларын жиі өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру.
Айқындалаған бағыт бойынша имамдармен ақылдасып жүзеге асатын іс – шараларымызға нақты жоспарлар дайындалды. Өкіл имам Талғат Омаровтың ұсынысымен «Уағыз айтылмаған елді – мекен қалмасын!» атты ұранымен қала, аудан, ауыл халқын екі уағыз насихат тобы аралайтын болды. 1 - топты Бас имам өзі бастаса, ал 2 - топты «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Жұбанов Асқар жетекшілік жасайды. Өзге ағым өкілдерімен жұмыс жасау үшін білікті имамдардан құралған 3 - топ құрылған болатын. Бұл топ өкілдері бірнеше ай бұрын «Нұр» қазақ-египет ислам университетінде білім жетілдіру курсында 1 апта көлемінде дәріс алды. Өзге ағымдағы қандас бауырларымызбен жұмыс осы топқа жүктеліп, жоспарлар дайындалды. Ал қайырымдылық іс – шарасымен айналысатын имамдардан құралған 4 – топ құрылды. Топ өкілдеріне арнайы қазақы нақышпен жакеттер тігілетін болады. Топтың мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен, жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарға материалдық көмек көрсету.
Осылайша дін қызметкерлерінің бағыты айқын, міндеті жойқын сол себепті Алла нәсіп етіп елімізідің болашағы жарқын боларына сенімдіміз.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілдігі
Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің
Баспасөз хатшысы
Ескендір Әсел
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2014
4079
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру