Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жат діни ағымдардан сақтану жолдары

Қанат ҚЫДЫРМИН, Мұнара газеті 24.07.2026 202 0 пікір
Жат діни ағымдардан сақтану жолдары

Әбу Ханифа мәзһабы қазақ халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жаткан дәстүрлі діни жолы. Бұл – сабырға, ақылға, даналыққа негізделген, коғам мен мемлекет түрақтылығын дәріптейтін ұстаным. Алайда соңғы онжылдықта елімізде дәстүрлі емес, сырттан келген радикалды діни ағымдардың идеологиясы қоғамның рухани бірлігіне сызат түсіруде.

Расында қазіргі жаһандану дәуірінде әлем елдері түрлі мәдени жане діни ықпалдардың әсерін сезінуде. Бұл үрдістен біздің еліміз де тыс қалған жоқ. Дәстүрлі емес, яғни жат діни ағымдардың әрекеті жастарға қауіп төндіріп жатқаны жасырын емес.

Жат діни ағымдар – елдің тарихи, мәдени, діни негіздеріне қайшы келетін, өзге елден енген діни топтар. Олар көбіне дәстүрлі Ислам қағидаларын бұрмалап, шариғатты өз пайдасына жаратқысы келеді. Жат ағымдардың негізгі мақсаты діни сауаты төмен, өмірлік жолын енді бастаған жастарды өз қатарына қосу. Әлеуметтік желілер мен интернет аркылы оңай байланыс орнатып, түрлі «уағыздар» арқылы жастардың санасына ықпал етуде.

Жат діни ағымдардың негізгі ұстанымдары мынадай: дәстүрлі дін кызметкерлерінің сөзі мен берген пәтуаларын мойындамайды, мемлекеттін қабылдаған зандарына бағынғысы келмейді, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті бұзуға тырысады, өздерін ғана «ақиқат» жолындамыз деп есептейді. Жастарды жат ағымдардын идеологиясынан қалай сақтандырамыз деген сұрақтар ел ішінде жиі қойылады. Осы ретте мынадай амалдарға назар аударғанымыз жөн. Біріншіден, діни сауаттылықты арттыру қажет. Жасөспірімдер мен жастарды мешіттер, медреселер, оқу орындары арқылы дәстүрлі Ислам кағидаларымен таныстырып, қажетті ақпараттарды беруіміз керек. Аллаға шүкір, қазір еліміз бойынша мешіттерде сауат ашу курстары жұмыс істейді. Аталған курстарда білікті дін мамандары сабақ береді. Діни білімді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми мешіттері мен медреселеріндегі ұстаздардан алған абзал. Екіншіден, отбасылық тәрбиеге аса мән берген дұрыс. Баланың діни көзқарасы отбасында қалыптасады. Ата-ана баласының кіммен араласатынын, қандай сайттарды карайтынын бақылауы қажет. Ол үшін ата-ананың өзі діни сауатты болуы қажет. Баланың дінге қатысты қарапайым сұрақтарына толыққанды жауап бере алатын деңгейге жетсе нұр үстіне нұр. Шын мәнінде ата-ананын діни ұстанымы оның ұрпағына да әсер ететінін ұмытпаған жөн. Дәстүрлі діни жолды ұстанған ата-ананың баласы жат ағымның идеологиясына алданбайды.

Үшіншіден, адам әуелі өзінің, содан кейін отбасының ақпараттық иммунитетін калыптастыруға көңіл бөлуі керек. Интернеттегі діни ақпараттарды тексеріп оқу, күмәнді парақшалардан, белгісіз уағызшылардан аулақ болу, балалардың теріс ақпарат көздерінен діни мәлімет алмауына жол бермеу – ең әуелі ата-ананың басты міндеті.

Төртіншіден, ұл мен қызды рухани орталарға жіберген дұрыс. Жоғарыда айтқанымыздай, баланы мешіттердегі діни сауат ашу курстарына, рухани кештерге жиі жіберіп отырған абзал. Бүгінде Қазакстан мұсылмандары діни баскармасы жанында Жастар, Кыз-келіншектер секторы жұмыс істейді. Ұл мен қыздарымызды аталған секторлардың рухани іс-шараларына жіберіп отырсақ, олардың дәстүрлі діни көз-қарастары қалыптасады. Бұл амал жат ағымдардың алдын алуға көмектеседі.

Бесінші, кез келген ата-ана діннің нәзік мәселелерін жіті түсіне бермейді. Сондықтан діни мәселеге катысты сұрақ туындағанда дін мамандарына бірден жүгінген жөн. Аллаға шүкір, бүгінде Бас мүфти Наурызбай кажы Тағанұлының бастамасымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Діни оңалту бөлімі ашылып, жастарды жат діни ағымдардың идеологияларынан сақтандыру бағытында жүйелі түрде іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Күмән тудыратын жағдайларда Діни оңалту бөлімінің мамандарына, дінтанушы немесе мешіт имамына жүгінген дұрыс.

Жат ағымдар – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның тұрақтылығына төнетін қауіп. Сондықтан әр азамат діни тұрғыда сауатты, саналы болуы керек. Дәстүрлі Ислам – бейбітшілік пен бірлік діні. Осы жолдан таймау ел болашағы үшін аса маңызды.

Қанат ҚЫДЫРМИН,

ҚМДБ жанындағы Республикалық бас мешіт имамы

Мұнара газеті, №11

10.06.2025ж

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру