Ең әуелі Ережеп айы – кешірім мен рақым айы. Рамазанның жаршысы болып табылатын бұл айда мұсылман баласы ораза айындағы рухани тазалыққа даярлық жасайды.
Ережеп айындағы оразаға келер болсақ, имам Ән-Науауи «Шарх Сахих әл-Муслим» еңбегінде:
Ары қарай ол былай деп жазады:
Осы мәселеге қатысты имам Хатиб әш-Ширбини «Муғни әл-Мухтаж» атты еңбегінде:
«Рамазан айынан кейінгі ораза тұтылатын ең жақсы айлар тиым салынған айлар болып табылады. Соның ішіндегі ең жақсысы – Мұхаррам айы. Себебі имам Муслим келтірген хадисте Рамазаннан кейін Алланың айы Мұхаррамдағы оразаның абзалдығы айтылған. Одан кейін Ережеп айы тұрады, бұл көзқарас Ережеп айын тиым салынған айлардың абзалы деп санайтын ғалымдарға қайшы келмеу үшін айтылады.
Ережеп айындағы оразаға қатысы Ибн Омар, Ибн Аббас, Әнас, Саид ибн Жубайрлар бұл айды Рамазан айына ұқсатып жібермес үшін бірнеше күнді ортаға салып барып ораза тұтуды құп көрген.
Имам Ахмад:
Ал Ержеп айына ораза тұтуды дінге енген жаңашылдық (бидғат) дегенге келетін болсақ, Ибн Хажар әл-Хайтами «Фатх әл-Мубин» атты еңбегінде «Ержеп айындағы ораза жайлы оны жаңашылдық (бидғат) деген пікірлер бар, алайда бұл қате. Керісінше, осы айдағы ораза сүннет амал болып табылады, бұл жайлы «Әл Фатауа әл-Кубра» еңбегімде толықтай жазып кеткенмін», -дейді.
Жоғарыда келтірілген көзқарастардан Ережеп айындағы ораза үлкен сауапқа қауыштырар амал болып табылатынын аңғарамыз.
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру