Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Зинел ана» мешіті (Фото)

«Зинел ана» мешіті

«Зинел ана» мешіті Ақжайық ауданы Ілбішін ауылында орналасқан. Бұрынғы мұражай 2005 жылы күрделі жөндеуден өткізіліп, мешітке айналдырылған. Оны кәсіпкер Асқар Шораев өз қаржысына тұрғызған.

Жер аумағы 0,8 га. Қабырғалары кірпіштен қаланып, сырты сыланып, боялған. Ұзындығы 13, ені 8 метр. 70 адамға арналған. Алла үйінің жалпы пішіні Орта Азиялық сәулет өнерімен үндеседі. Бір қабатты, шатыры қаңылтырмен жабылған, қабырғасының биіктігі 3 метр, 4 бөлмелі шығыстық үлгідегі 7 терезесі бар. Күмбезі көк түсті қаңылтырмен көмкерілген. Ұшар басына жарты ай қойылған. Арнайы мұнарасы болмағанымен төрт бұрышы мұнара етіліп көтерілген. Биіктігі 5 метрлік, мұнара үсті көк түсті қаңылтырмен қапталып, ұшар басына жарты ай орнатылған. Негізгі есіктен кірген соң ауданы 4 шаршы метр дәліз арқылы намазхандар  үлкен залға өтеді. Үлкен залдың көлемі 12х4 метр. Үлкен залдың оң жағында көлемі 5 шаршы метр имамға арналған бөлме орналасқан, одан кейінгі есіктен 4,5х2,5 метрлік әйелдердің намаз оқитын бөлмесіне өтеді. Үлкен залға үстіңгі жағы доғалданып келген 3 терезе орнатылған, 3 аспалы шамы, қыбыла тарапта шығыңқы михрабы бар. Қабырғалары ақ түспен сырланған. Табиғи газбен жылытылады. Оң жақ сыртында қабырғаға жапсарластырып 3х4 метрлік қосалқы заттар қоятын жай салынған. Ауласы қоршалмаған.

Мечети этой области или города