Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Алғабас ауылдық мешіті» (Фото)

«Алғабас ауылдық мешіті»

«Алғабас ауылдық мешіті» Ақжайық ауданына қарасты Алғабас ауылында 2005 жылы көктемде құрылысы басталып, сол жылы қыркүйекте ашылды. Оны сол ауылдан шыққан Мұхтар Хамзин есімді кәсіпкер өз қаражатына салған.

Жерінің аумағы 0,0468 га, 100 адамға арналған. Татар сәулет өнеріне ұқсас. Бір қабатты, шатыры шифермен жабылған, биіктігі 3 метр, алты терезелі, төрт бөлмелі. Қабырғалары қам кірпіштен қаланып, сырты сыланып, әктелген, ұзындығы 17 м, ені 7 метр. Күмбезі мен мұнарасы жоқ. Оның  орнына михрабты сыртқа шығыңқы етіп, шатырдан бір метр биіктетіп, күмбез еткен және ұштарына жарты ай қойылған. Негізгі есіктен кіргенде 2х2,4 дәліз, дәліздің оң жақ бүйірінде 1,9х2,4 метрлік көлемінде пеш қойылған жылыту бөлмесі, оның жанында 2,8х4,2 метрлік имамның қабылдау бөлмесі бар. Үлкен залдың іштен есептегендегі ұзындығы 11,8, ені 5,4 метр, 4 терезе орнатылған. Іші әрленген. Үш баспалдақты мінбер, дыбыс ұлғайтқыш құрылғы, микрофоны, оқулық тақта мен кітап сөресімен жабдықталған. Имам  бөлмесінің ұзындығы 4,2, ені 3, дәлізінің ұзындығы 2,4, ені 1,95 метр. Ғимарат табиғи газ арқылы жылытылады. Ауласы темір шарбақпен қоршалған. 

 

Мечети этой области или города