Фаджр

Восход

Зухр

Аср

Магриб

Иша

Расписание на год на месяц

«Арыстан ата» мешіті (Фото)

«Арыстан ата» мешіті

«Арыстан ата» мешіті Ақжайық ауданы Тайпақ елді мекенінде орналасқан. Құрылысы 2005 жылы мамыр айында басталып, сол жылдың желтоқсанында ел игілігіне берілген. Оны кәсіпкер Болат Хисин демеушілік етіп салғызған.  Жалпы жер аумағы 0,10 га, яғни 1705,5 шаршы метр. Ғимараттың жалпы көлемі 226,6 шаршы метр, ұзындығы 18,3, ені 12,3 метр, 200 адамға арналған. Биіктігі сыртынан 6,2 метр. Іргетасы бетонннан, қабырғасы қызыл кірпіштен салынған. Ортаазиялық сәулет өнері үлгісі алынған. Сырты ақ түсті бояумен боялған. Бас есіктен үлкен залға дейін ұзынша дәліз. Оның оң жағында әйелдердің намаз оқитын бөлмесі, сол жағында имамның қабылдау бөлмесі. Мешіттің  негізгі есік-терезелері ағаштан, ал  сыртқы есік пластиктен жасалған. Шығыс үлгісіндей терезелерінің үстіңгі жағы доғал.

Табиғи газбен жылытылады. Жылыту қазандығы арнайы салынған қосалқы ғимаратта. Күмбезінің  шеңбері 5, биіктігі 4 метр. Күмбез көк түсті қаңылтырмен қапталған, ұшар басына жарты ай қойылған. Мұнара 5 қырлы,  биіктігі 15 метр. Ауласындағы қосалқы ғимаратта 4,5х8 метрлік асханасы бар. Ауласы толығымен темір шарбақпен қоршалған. Қосалқы нысандары орталық су құбырына қосылған. Ауласына  гүл, ағаштар егілген.

Мечети этой области или города