ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының меңгерушісі Динара Нұрғалиева арнайы іссапармен Ақтөбе облысында болып, өңірдегі әйел жамағатымен бірнеше маңызды кездесу өткізді.
Сапар аясында алдымен Мұғалжар аудандық «Нұртай» және Ембі қалалық «Нұр» мешітінің әйел жамағатымен жүздесті.
Кездесуде Динара Нұрғалиева «дінім — тірегім, дәстүрім — тамырым» тақырыбында уағыз-насихат айтып, дін мен дәстүр сабақтастығына ерекше тоқталды. Яғни Ислам дініндегі әйел адамның мәртебесі, Әбу Ханифа мәзһабын ұстанудың маңыздылығы, сондай-ақ мұсылман әйелдерінің киім үлгісі, бет жабу мәселесі және қазақтың дәстүрлі киімдерін киюдің тәрбиелік мәні туралы жіті түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «Ислам және адал қоғам» жылы аясында кеңейтілген семинарға қатысып, отбасы берекесі мен ұрпақ тәрбиесі, ене мен келін қарым-қатынасы, жеке шекара және әдеп тақырыптарында ой бөлісті.
Тағылымды кездесу соңында ақ жаулықты әжелер ұйымдастырушылар мен арнайы келген сектор меңгерушісіне бата беріп, ризашылықтарын білдірді.













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
23.10.2026
456
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру