Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

ҚМДБ Баспасөз қызметі muftyat.kz 16.03.2026 893 0 пікір
ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ УАҒЫЗ АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қасиетті Қадір түніне орай елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде болып, жамағатқа рухани уағыз айтты.

«Мінекей, қасиетті Рамазан айының соңғы күндері қалып, бұл шарапатты айдың 27 кешінде, өздеріңізбен қауышып отырмыз.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазанның соңғы күндері құлшылықта ерекше ықылас танытатын. Себебі, әр нәрсе өзінің соңымен өлшенеді. Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дұғасында:

«Уа, Аллам! Өмірімнің ең қайырлысы – оның соңы болуы нәсіп ет, амалымның ең жақсысы – оның ақыр жағындағысы болуын нәсіп ет, күндерімнің ең қайырлысы – Өзіңді жолықтырар күн болуын нәсіп ет», – деп тілейтін болған»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру